Иван Дычко мен Майкл Марроне салмақ өлшеуден өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық кәсіпқой футболшы Иван Дычко АҚШ-тағы кездесу алдынан ресми салмақ өлшеу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Иван Дычко мен Майкл Марроне салмақ өлшеуден өтті

Дычконың салмағы 108,5 килограмм болды. Оның қарсыласы, америкалық Майкл Марроне біздің боксшыдан ауыр болып шықты - 113,04 килограмм. 17 маусым күні таңертең (Астана уақытымен) Сент-Питерсбер қаласында (Флорида штаты, АҚШ) боксшылар ауыр салмақ санатында 8 раундтық жекпе-жек өткізеді.

Қазақстандық былғары қолғап шебері бұған дейін кәсіпқой бокстағы бес кездесуінің бесеуін де нокаутпен аяқтаған болса, Марроне 21 қарсыласын жеңіп (16 нокаут), сегіз рет жеңіліске ұшыраған.