Иван Дычко ресейлік боксшының осал жерін тауып, жеңіске жетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат — Елорданың Жақсылық Үшкемпіров атындағы Jekpe-jek сарайында өтіп жатқан кәсіпқой бокс кешінде Иван Дычко да жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бокс кешінің негізгі жекпе-жегі алдында шаршы алаңға шыққан ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Иван Дычко ресейлік Александр Устиновтың осал жерін іздеп көрді.

Жекпе-жек алғашқы раунд ортасына жетпей жатып, Иван Дычконың он бірінші жеңісімен аяқталды.

«Барша қазақстандықтарды Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтаймын. Ертең қызым жетіге толады. Жеңісімді соған арнаймын»,- деді боксшы айқастан кейін.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгінгі бокс кеші «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінен көрсетіліп жатыр.

Айта кетейік, кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов пен аргентиналық Хуан Эрнан Леао жартылай орта салмақтағы IBO чемпиондық белбеуін сарапқа салады.

Отандасымыз бұған дейін 16 кездесу өткізіп, оның алтауын нокаутпен аяқтаса, оның қарсыласы 15 жеңісінің төртеуін нокаутпен тәмамдап, бір жекпе-жегін сәтсіз аяқтаған.

Фото: vesti.kz


Соңғы жаңалықтар