01:47, 15 Шілде 2019 | GMT +6
Иван Дычко тоғызыншы нокаутынан кейін әлемдік рейтингте 3 саты көтерілді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Иван Дычко (9-0, 9 КО) кәсіпқой рингтегі 9-шы жеңісінен кейін әлемге әйгілі BoxRec порталының рейтингінде 3 саты жоғарылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Ол Холливудта (АҚШ, Флордиа штаты) Seminole Hard Rock Hotel and Casino ойын-сауық кешенінде америкалық Нэйт Хэвенмен (9-2, 7 КО) кездесті. Дычко қарсыласын екінші раундта нокаутқа жіберді. Осыдан соң ол BoxRec рейтингінде 77-ші орыннан 74-орынға жоғарылады.