20:48, 21 Желтоқсан 2017 | GMT +5
Иван Дычконың кәсіпқой бокстағы рейтингі өсті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Беделді бокс сайттарының бірі BoxRec.com қазақстандық боксшы Иван Дычконың (4-0, 4 КО) статистикасын жариялады, деп жазады Sports.kz .

Еске сала кетейік , 16 желтоқсан күні Дычко мексикалық боксшы Сельсо Пинсонды төртінші раундта (алты раундтың) техникалық нокаутпен жеңіп (5-5-1, 3 КО) өзінің кәсіпқой бокстағы төртінші жеңісіне қол жеткізді.
Бұл жеңіс қазақстандық боксшының BoxRec рейтингіндегі көрсеткішін 382-ден, 262-ші сатыға көтерді.