Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Иван Дычконың келесі кездесуі қашан өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық кәсіпқой боксшы Иван Дычконың (2-0, 2 КО)  менеджері Зия Алиев былғары қолғап шеберінің келесі жекпе-жегі қашан өтетінін хабарлады, деп жазады Sports.kz.

Иван Дычконың келесі кездесуі қашан өтеді

Дычко келесі кездесуін 1 желтоқсанда Тампта (АҚШ, Флорида штаты) USF Sun Dome аренасында өткізеді. Одан бөлек, қазақстандық аса ауыр салмақтағы боксшы 8 немесе 9 желтоқсанда да кездесуге шығуы мүмкін. Бірақ, ол 1 желтоқсандағы кездесудің қалай өтетініне байланысты болады.

Еске сала кетейік, 13 қазанда өткен соңғы кездесуінде Дычко үшінші раунда америкалық Родригес Кейдті (0-1) тізе бүктірген еді.