Иван Грозныйдың мәрмәр мүсіні бәссаудада 269 мың долларға сатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Christie's аукцион үйі Нью-Йоркте дәстүрлі көктемгі саудасын өткізді.

Иван Грозныйдың мәрмәр мүсіні бәссаудада 269 мың долларға сатылды

Ол орыс өнеріне арналды. Бәссаудаға Марк Антокольскийдің Иван Грозныйға арнаған мәрмәр мүсіні шығарылды. Мүсін 269 мың долларға сатылды. Сауданы ұйымдастырушылар ол үшін бастапқыда 150 мың доллар алуды есептеген.

Антокольский 1877 жылы жасаған Иван Грозный мүсіні князь Сергей Оболенскийдің коллекциясында болған. «Антокольскийдің өзі Иван Грозныйды «азаптаушы және азап шегуші» деп атады». Бірінші орыс патшасының осы мінезін ол осы туындысында бейнелеуге тырысқан», - дейді бәссауда үйінің орыс өнері департаментінің директоры Марк Мерке.