Иван Иванов Қазақстан рекордын жаңартып, жеңіл атлетикадан ел чемпионатында жеңіске жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өскеменде қазақстанның жеңіл атлетикадан чемпионаты өтіп жатыр. Иван Иванов ядро лақтыруда тарихи жетістік орнатты.

Иван Иванов Қазақстан рекордын жаңартып, жеңіл атлетикадан ел чемпионатында жеңіске жетті

Бесінші лақтыруда ядро 20,51 метрге ұшып кеткен. Осылайша, спортшы рекордпен қоса алғанда, Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарының нормативін (20,5 м) орындады. Бұл туралы Sports.kz жазады.