Иван Иванов Кореядағы халықаралық турнирде жеңіске жетті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жеңіл атлетикадан Қазақстан командасының өкілдері Оңтүстік Кореядағы халықаралық турнирде сынға түсті. Команда сапынан жүлде алғандар қатарында Иван Иванов бар, деп хабарлайды Olympic.kz.
Ядро лақтырудан сынға түсетін Иван Иванов 18.86 метр көрсеткішімен турнир жеңімпазы атанды. Ал балға лақтырудан Диана Нүсіпбекова алтыншы орынға табан тіреген.