Иванишвили Саакашвилиді отставкаға кетіп, кезектен тыс президенттік сайлауды белгілеуге шақырды

тарапынан жасалуы тиіс кезекті қисынды әрі дұрыс қадам, оның отставкаға кетуі мен елде кезектен тыс президенттік сайлауды белгілеу деп санайды. Бұл туралы Мәскеу жаңалықтары хабарлады.
«Ол маған ештеңе ұсына алмауда, ал мен оған бір нәрсе ұсына аламын ба? Біз жағдайды шешуіміз керек және оның қиналмас үшін, жалғыз ғана дұрыс жолы бар - өтініш жазып, кезектен тыс президенттік сайлауды белгілеу», - деді оппозиция көшбасшысы.
Бұл ретте ол, Саакашвили өзінің партиясы оппозицияға өтетіндігін мәлім етіп, дұрыс қадам жасағандығын атап өтті.
Тілшінің: «Ол Саакашвилиге қатысты парламенттің импичмент процедурасын қолданады ма?», деген сұрағына жауап бере келе Иванишвили: «Оны өзі істеген (отставкаға кету) дұрыс болады», - деп жауап қайырды.
«Бұнымен ол өзінің беделін сақтап қала алады. Шынымды айтсам, мен Саакашвилидің болашағы туралы уайымдамаймын, бірақ бұндай қадам өзіне жақсы болады», - деп атап өтті Иванишвили.