IV Қазақстан-Ресей медиафорумы келесі жылы Астанада өтеді
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан-Ресей медиафорумының келесі отырысы Астанада ұйымдастырылады. Бұл туралы Санкт-Петербургте өткен III Қазақстан-Ресей медиафорумының жабылу рәсімінде мәлім болды.
Президент телерадиокешенінің директоры Раушан Қажыбаева форумды ұйымдастырған ТАСС ұжымына алғыс айтып, іс-шара екі елдің медиасаласы үшін маңызды кәсіби алаңға айналғанын атап өтті.
Оның айтуынша, мұндай кездесулер журналистер арасындағы ынтымақтастықты кеңейтіп, жаңа кәсіби байланыстар орнатуға және қазіргі медианың алдында тұрған ортақ сын-қатерлерді бірлесіп талқылауға мүмкіндік береді.
— Мұндай алаңдар өзара ынтымақтастықты кеңейтіп, жаңа кәсіби байланыстар орнатуға әрі қазіргі БАҚ алдында тұрған ортақ мәселелерді бірлесіп талқылауға жол ашады. Бүгінгі пікірталас кәсіби мамандар бір үстел басына жиналғанда сенім мен өзара түсіністікке негізделген әріптестік қалыптасатынын тағы бір мәрте дәлелдеді, — деді Раушан Қажыбаева, — деді Раушан Қажыбаева.
Президент телерадиокешенінің директоры Қазақстан-Ресей медиафорумы бүгінде игі дәстүрге айналғанын айтты. Оның сөзінше, келесі жылдың қыркүйегінде бұл кездесу Астанада жалғасады.
— Біз сіздерді IV Қазақстан-Ресей медиафорумында қайта қарсы алуға шын жүректен қуаныштымыз. Сол жерде мазмұнды әңгімемізді жалғастырып, ынтымақтастығымыздың жаңа парағын бірге ашамыз деп сенемін, — деді ол.
Айта кетейік, алғашқы Қазақстан-Ресей медиафорумы 2024 жылдың қараша айында Мәскеуде өткен болатын. Алғашында қазақстандық және ресейлік журналистердің кездесуі дөңгелек үстел форматында жоспарланғанымен, кейін қатысушылар оны тұрақты форум ретінде өткізуді ұйғарған.
Еске салайық, осы алаңдағы алғашқы кездесу 2024 жылғы қарашада Мәскеуде өткен болатын. Бастапқыда қазақстандық және ресейлік журналистердің басқосуы дөңгелек үстел форматында ұйымдастырылмақ болған. Алайда талқылау барысында қатысушылар оның ауқымын кеңейтіп, медиафорум деңгейінде өткізуді ұйғарды. Сондай-ақ бұл іс-шараны тұрақты түрде ұйымдастыру жөнінде келісімге келген еді.
Екінші Қазақстан–Ресей медиафорумы 2025 жылы Алматы қаласында өтті. Онда екі елдің медиа саласындағы ынтымақтастығын нығайту, жалған ақпаратпен күрес және ақпаратты бірлесіп тексеру тетіктерін дамыту мәселелері талқыланды.
Ал үшінші Қазақстан–Ресей медиафорумы бүгін Санкт-Петербург қаласында өз жұмысын қорытындылады.
Форумның жабылу рәсімінде IV Қазақстан–Ресей медиафорумының 2027 жылы Астана қаласында өтетіні жарияланды.