ИЫҰ Қасиетті Рамазан айында Сомалиде құрғақшылықтан зардап шегушілерге қол ұшын беруге шақырады

ТАНА. 8 тамыз. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Ислам ынтымақтастық ұйымы Қасиетті Рамазан айында Сомалиде құрғақшылықтан зардап шегушілерге қол ұшын беруге шақырады.

ИЫҰ Қасиетті Рамазан айында Сомалиде құрғақшылықтан зардап шегушілерге қол ұшын беруге шақырады

Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Абдрахманов мәлім етті.

Африкалық мүйісте орналасқан елдерде соңғы 60 жылдың ішіндегі ең ауыр құрғақшылық аймақтағы күрделі гуманиталық дағдарыстың себебі болды. Табиғи-климаттық құбылыс малдың жаппай қырылуына және дәнді дақылдардың шықпай қалуына себеп болды. Осылайша, жергілікті халық үшін азық-түліктің негізгі көздері толықтай дерлік жойылған.

БҰҰ бағалауы бойынша, Сомалидегі, Эфиопиядағы, Кениядағы, Эритреядағы және Джибутидегі халықты қоса алғанда 11 млн. астам адам жедел гуманитарлық жәрдемді қажет етеді. Аталған елдердің тұрғындарына, көбінесе әйелдер, балалар мен егде жастағы адамдарға азық-түліктің және дәрі-дәрмектердің жоқтығынан өлім қатері төніп тұр.

Аймақтың ең зардап шеккен елдері қатарына Сомалиді жатқызуға болады. Онда жағымсыз факторлардың қосылған әсері, атап атйқанда, әскери қақтығыстар, құрғақшылық, гиперинфляция, вирустық аурулар азық-түлікке байланысты апатты жағдайдың пайда болуына әкелді. Гуманитарлық ұйымдардың мәліметі бойынша, елде 3 млн. адам, яғни халықтың төрттен бір бөлігі ашығуда. Сонымен қатар асқа жарымағандықтың көп жылдық деңгейі елеулі асып кеткен. Ол стихиялық түрде, ең біріншіден Кенияға жер аударылғандар мен босқындардың 1,5 млн-ға жетіуіне себеп болып отыр.

Орын алып жатқан қасіреттің айтқысыз сипатын ескеріп, халықаралық аренада зардап шеккендерге көмек көрсету үшін күш-жігерді біріктіру жүргізілуде. Сомали астанасы - Могадишода Гуманитарлық жәрдем кеңсесі бар жалғыз халықаралық ұйым болып табылатын Ислам ынтымақтастығы ұйымы да шетте қалмады.

Ағымдағы жылдың 28-29 шілдесінде дереу шақырылған Ыстамбұл конференциясы барысында Сомалиге және ислам әлемінің басқа да мұқтаж елдеріне жәрдем көрсету үшін ИЫҰ Гуманитарлық коалициясын құру туралы шешім қабылданды.

Кездесуге қатысушылар алдағы үш айға 29 млн. доллар шамасындағы ИЫҰ дереу гуманитарлық жәрдемінің бюджетін анықтаған. Қазіргі уақытта Сомалиге Сауд Арабиясы - 60 млн. доллар, Куәйт - 10 млн. доллар және Судан - 100 мың доллар шамасындағы қаржылық көмек бөлетіндігін мәлімдеді.

Қазақстан Республикасы ИЫҰ-ның белсенді мүшесі және Ұйымның Сыртқы істер министрлері кеңесі Төрағасының міндеттерін іске асыратын мемлекет ретінде алдағы уақытта Коалиция бюджетіне өз үлесін енгізуге ниетті.

Ыстамбұл кездесуінің қорытынды декларациясында ИЫҰ-ға мүше елдер барлық мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айының кезеңінде Сомали және өңірдегі басқа африкалық мұқтаж елдерге мүмкіндігінше жәрдем көрсету жөнінде үндеу жасаған еді.