Із-түссіз жоғалған қостанайлық жанып жатқан қамыстың арасынан табылды

  ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Рудныйда №2 саяжай қауымдастығы өртеніп, бір әйел қаза болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Төтенше жағдайлар департаметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Із-түссіз жоғалған қостанайлық жанып жатқан қамыстың арасынан табылды

Рудныйда Тобыл өзенінің жағасындағы қамыс өртенді. Бұл аумақ №2 саяжай қауымдастығына тиесілі.

«Өрт сағат 18:40-та толығымен сөндірілді. Сағат 18:21-де оқиға орнынан 1974 жылы туған әйелдің мүрдесі табылды. Әйел 15 мамыр күні із-түссіз жоғалып кеткен болатын. Бұған қоса ол психиатрдың тіркеуінде тұрған. Қазіргі уақытта әйелдің денесі сот-медициналық сараптамасына жіберілді», - делінген ТЖД баспасөз хабарламасында.

Өрт ауқымы 2,5 гектарды құрады. Алдын ала болжам бойынша, өрт отты абайсыз қолданудан шыққан. Нақты себептері анықталып жатыр.