Із-түссіз жоғалып кеткен компьютерлік клуб иесінің жансыз денесі табылды - ІІМ
АСТАНА. Қаңтардың 27-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Алматы қаласында із-түссіз жоғалып кеткен компьютерлік клуб иесінің жансыз денесі табылды.
Бұл туралы бүгінгі брифинг барысында ҚР ІІМ Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Шұғыл дерек бойынша қаңтардың 20-сы күні Алматы қаласындағы «Мегабит» компьютерлік клубының иесі із-түссіз жоғалып кеткен. Сондай-ақ оның автомашинасы ұрланған. «Осы оқиға бойынша құқық қорғаушылар шұғыл алдын алу іс-шараларын өткізді. Осының нәтижесінде клуб иесінің автомашинасы Тараз қаласының маңайынан табылды. Қамауға алынған Оңтүстік Қазақстан облысының екі тұрғыны пайдакүнемдік ниетпен кісі өлтіргенін мойындап отыр», - дейді Қ.Жұманов.