Із-түзсіз жоғалған канадалық 30 жылдан кейін үйіне оралған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Канадалық Сент-Кэтринс қаласының бала кезінен амнезиядан зардап шеккен тұрғыны 30 жылдан кейін өзінің кім екенін еске түсірген.

Із-түзсіз жоғалған канадалық 30 жылдан кейін үйіне оралған

Ниагара полициясының ақпаратынша, канадалық Сент-Кэтринс қаласының тұрғыны 30 жыл өзге есіммен және туыстарының бар екенін білмей жүрген.

Шын есімі Эдгар Латьюлип болатын ер адам 1986 жылы автобуспен Китченер қаласынан Ниагара сарқырамасына барғанын айтты. Сарқырамаға жеткен Латьюлип Сент-Катаринске аттанған. Жолда құлап, басы жарақаттанып, барлығын ұмытып қалған.

51 жастағы ер адам әлеуметтік қызметке барып есімі Эдгар Латьюлип екенін айтқанда, әлеуметтік қызметкер көршілес қалада адам жоғалып, табылмағанын анықтады.

Латьюлиптің жеке ісі Ниагара полиция бөліміне жолданды.

Билік Оттавада тұратын оның анасымен байланысып, жағымды жаңалықты жеткізді.