«Іздестіру» операциясының нәтижесі шығарылды - ІІМ Криминалдық полиция комитеті

АСТАНА. Қыркүйектің 23-і. ҚазАқпарат - Іздестіруде жүрген қылмыскерлерді анықтау және ұстау мақсатында ағымдағы жылғы қыркүйектің 13-18-і аралығында республика аумағында «Іздестіру» кең көлемді операциясы өткізілді.
None
None

Операцияны өткізу барысында ішкі істер органдарының, ішкі әскерлердің, әкімшілік, жол, көші-қон және басқа да қызметтердің күштері мен құралдары тартылды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы ІІМ Криминалдық полиция комитетінің баспасөз қызметі.

Қабылданған шаралармен іздеуде болған 387, өткен жылы іздеу жарияланған 39, оның ішінде кісі өлтіргені үшін 8; денсаулыққа ауыр жарақат келтіргені үшін 13, қарақшылық шабуыл жасағаны үшін 11 және кісі тонаған 36 адам ұсталды.

Ағымдағы жылғы қыркүйектің 17-сінде Астана қаласында Криминалдық полиция комитеті мен Алматы қаласының ІІД қызметкерлері Өзбекстан Республикасында туған 33 жастағы азаматты ұстады. Ол 2000 жылдың қарашасында Алматы қаласының Өжет кентінде 35 жастағы жігітке кеуде тұсынан пышақ салып, өлтіргені үшін 9 жылдан астам іздестіруде болған.

Операция барысында Қарағанды облысының ІІД қызметкерлері облыстың 25 жастағы тұрғынын ұстады. Ол 2010 жылғы мамырда Қарқаралы қаласының тұрғындарына қарулы қарақшылық шабуыл жасап, 2,5 млн астам теңгені иеленген.

Солтүстік Қазақстан облысында 60 жастағы қылмыскер ұсталды, ол 2010 жылғы мамырда М.Жұмабаев ауданының Возвышенка ауылында суық қару қолданып, 25 жастағы қыз баланың денсаулығына ауыр зиян келтірген.

Ағымдағы жылғы қыркүйектің 14-інде Қостанай облысында жәбірленушінің арқа тұсынан пышақ жарақатын салып, денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіргені үшін іздеуде болған 45 жастағы айыпталушы ұсталды.

Павлодар облысының ІІД қызметкерлері осы облыстың 30 жастағы тұрғынын ұстады, ол 2010 жылғы сәуірде Павлодар қаласында 40 жастағы ер адамға қарақшылық шабуыл жасап, оның ақшасын иемденген.

Сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан облысының ІІД-де 20 жастағы іздеуде жүрген азамат ұсталды, ол 2010 жылы қаңтарда Түркістан қаласында бір топ адамдармен бірге тапанша мен пышақ қолданумен қала тұрғынының отбасына қарақшылық шабуыл жасаған, олардың 1 млн астам теңге болатын мүлкін әкеткен.

Ағымдағы жылғы қыркүйектің 18-інде жедел-іздестіру іс-шаралары кешенін өткізу барысында Алматы қаласының ІІД КПБ қызметкерлері Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданы Ащысай аулында Солтүстік Қазақстан облысының 37-жастағы тұрғынын ұстады. Ол Қазақстан Республикасы Әскери сотының төрағасын өлтіру үшін қастандық жасады деп күдік келтірілуде.

Қазақстан аумағында ТМД елдерінің құқық қорғау органдары іздестіру жариялаған 32 қылмыскер, оның ішінде Ресей - 17, Өзбекстан мен Украина - 5, Әзірбайжан және Түрікменстан үшін 1 қылмыскерден ұсталды.

«Іздестіру» операциясы нәтижесінде Маңғыстау облысының ІІД қызметкерлері Ақтау қаласында Ресей азаматының жалған құжатымен жасырынып жүрген Украинаның Ромный қаласының 35 жастағы тұрғынын ұстады. Ол ҰҚТ құрамында қасақана кісі өлтіргені үшін мемлекетаралық іздестіруде болған. Сондай-ақ іздеудегі қылмыскер Украина мен Ресей Федерациясының аумағында тапсырыспен кісі өлтіру қылмыстарына күдік келтірілуде. Ол ұзақ уақыт Шешен Республикасында тұрған. Ағымдағы жылдың маусым айында Қазақстан Республикасының аумағына келген.

Сондай-ақ Павлодар облысының аумағында Ресей Федерациясының 25 жастағы екі азаматы ұсталды, олар Томск қаласында әйел адамды өлтіргені үшін іздестіруде болған.

Солтүстік Қазақстан облысының ІІД қызметкерлері Ресей Федерациясының Карашай-Шеркес Республикасында іздеуде болған 26-жастағы қылмыскерді ұстады, ол 2007 жылғы желтоқсанда бір топ адаммен атыс қаруын қолданып Петропавл қаласында ЖШС-ға қарақшылық шабуыл жасаған және екі «Камаз» автомашинасын иеленген.

Соңғы жаңалықтар