Іздестіруде жүрген өзбекстандық екі азаматты экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр

АСТАНА. 4 сәуір. ҚазАқпарат - Іздестіруде жүрген өзбекстандық екі азаматты экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте Ішкі істер министрлігінің ресми өкіл Нұрділдә Ораз мәлім етті.

  Алматының криминалдық полиция қызметкерлері Қарақалпақстанның құқық қорғау органдары алаяқтық жасағаны үшін іздестіріп  жүрген Өзбекстан Республикасының 29 жастағы  азаматын ұстады. Сонымен қатар, Алматы қаласында Ресей Федерациясының Самара облысы аумағында есірткі заттарын заңсыз сатқаны үшін мемлекетаралық іздестіруде жүрген Өзбекстан Республикасының 33 жастағы азаматы  қолға түсті.

«Ұсталғандардың екеуі де Алматы қаласы ІІД-нің Уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды. Оларды экстрадициялау мәселесі шешілуде»,-деді ресми өкіл.

Соңғы жаңалықтар