Іздеу салынған қостанайлық оқушы таныстарының үйінен табылды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай қаласы полиция басқармасының қызметкерлері із-түссіз жоғалып кеткен Полина Попованы тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Іздеу салынған қостанайлық оқушы таныстарының үйінен табылды

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2019 жылдың 16 қазанында Қостанай тұрғыны 14 жасар қызының із-түзсіз кеткені туралы хабарлаған.

«Кәмелетке толмаған Полина Попова осы уақытқа дейін таныстарының үйінде болған. Бүгін ол ата-анасына тапсырылды. Ол бұған дейін үйінен бірнеше рет кетіп қалған», - деді ведомствоның баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.

Айта кетейік, іздеу жұмыстарына полицияның жеке құрамы, Ұлттық гвардия әскерилері мен еріктілер тобы жұмылдырылды.