Іздеуде жүрген әлемдік лаңкес өлтірілді

АСТАНА. 7 мамыр. ҚазАқпарат - Йеменде «Аль-Каэданың» 37 жастағы беделді командирі Фахд Мохаммед Ахмед аль-Кусо өлтірілді, ол іздеуде жүрген 10 әлемдік терроршының бірі болатын,
None
None

деп хабарлады Утро. ру. Әуе соққысын Орталық барлау басқармасы басқарған ұшқышсыз ұшақ жасады, деп хабарлады АҚШ-тың өкілдері.

 Йемендік әскерилер аноним шарттары бойынша хабарлағандай, зымыран аль-Кусоны «Аль-Каэданың» басқа бір командирімен көліктен түсу кезінде жарып жібергендігін айтады. АҚШ бұған дейін Йеменнің аумағында мұндай операцияларды жүргізбеген. Аль-Кусо американдық ФБР жасаған тізім бойынша іздеуде жүрген әлемдік терроршылардың бірі. Ол туралы қандай бір ақпаратқа 5 миллион доллар сыйақы қарастырылған болатын.

Соңғы жаңалықтар