Іздеуде жүрген Қазақстан азаматтары Әзірбайжанда ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін қазақстандық азаматтар Фархат Абдурахманов пен Шавкят Зубанов Әзірбайжан Республикасынан елге жеткізілді, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Іздеуде жүрген Қазақстан азаматтары Әзірбайжанда ұсталды

Тергеу органдары Абдурахмановты заңсыз жолмен есірткілік заттар алып, оларды сату мақсатында сақтап, тасымалдағандығы үшін айыптап отыр.

Зубанов қарақшылық шабуыл жасап, «Лексус LX 470» маркалы автокөлігін ұрлағандығы үшін айыпты болды. Халықаралық іздеу жарияланған бұл адамдарды Әзірбайжанның құқық қорғау органдары қолға түсірген. Осы орайда Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының әзірбайжандық әріптестеріне қолға түскендерді елге қайтау туралы жіберген өтініштері қанағаттандырылды. Экстрадицияланған адамдар Алматы қаласының әуежайында тергеу абақтысының қызметкерлерінің қолына тапсырылды.