Іздеуде жүрген Өскеменнің бұрынғы шенеунігі Шымкентте ұсталды

Оған жақын туысы - «Контгрупп» компаниялар тобының директоры Құрманбековпен бірге алаяқтық жолмен «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша бірпәтерлі үйлерді салуға бөлінген 156 млн.теңге бюджет қаражатын ұрлады деген айып тағылуда.
Тергеу материалдарына сәйкес Нұрлан мен Құрманбековтың заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде 298 бірпәтерлі үй сапасыз салынған, қолданылған құрылыс материалдарының бір бөлігі жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес келмейді және жөндеуді немесе ауыстыруды қажет етеді.
Ағымдағы жылғы 27 мамырда Нұрлан мен Құрманбеков іздеуге жарияланды.
2013 жылғы 11 қазанда Нұрлан Шымкент қаласынан Өскемен қаласына әкелініп, Шығыс Қазақстан облысының ІІД тергеу абақтысына тоғытылды.
Келтірілген залалды өтеу мақсатында Құрманбеков пен Нұрланның келесі мүлкіне шектеулер қойылды: «Тойота Ленд Крузер 200» және ВАЗ 21065 автокөліктері, Шымкент қаласындағы 7 жер учаскесі, Сайрам кентіндегі 2 жер учаскесі және Шымкент қаласындағы 2 жеке үй.
Қылмыстық іс тергелуде, нәтижелері жұртшылыққа жеткізілетін болады.