Іздеуде жүрген Ресей азаматы ұсталды - ІІМ

АСТАНА. Қаңтардың 27-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Орал қаласындағы жалдамалы пәтердің бірінде іздеуде жүрген Ресей азаматы ұсталды. Ол Тольятти қаласында зейнет жасындағы адамды өлтірген.

Іздеуде жүрген Ресей азаматы ұсталды - ІІМ

Бұл туралы бүгінгі брифинг барысында ҚР ІІМ Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгінде қандықол қылмыскердің 80-ші жылдары қарақшылықпен айналысқаны анықталып отыр. 1997 жылдан бері оны Ресей Федерациясы Саратов облысының құқық қорғаушылары іздеу үстінде.

Ал Украинаның елордасы - Киев қаласында Қостанай облысының 27 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол 2005 жылдың тамыз айында Алматы облысының Жамбыл ауданында кісі өлтіргені үшін іздеу жарияланған. Минск конвенциясы бойынша оны Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешілуде.