Ізгілік өрісі
АСТАНА. 8 қараша. ҚазАқпарат /Қанат Сұлтанов/ - «Бірлігіміз жарасқан!» - бұл ұранды ҚР Президенті мемлекетіміздің өркендеуі үшін халықтың барлығын жұмылдыру қажеттілігі туралы айта келіп, «Нұр Отан» ХДП саяси кеңесі бюросының кеңейтілген отырысында алғаш рет жария еткен еді.
Бірнеше айдан соң елдегі үкіметтік емес ұйымдардың басым бөлігін біріктіретін Қазақстанның Азаматтық альянсы бұл ұранды жалғастырып әкетті.
2010 жылдың сәуір айында Теміртау қаласында спорт алаңын өздері қалпына келтіруге тырысқан оқушылардың бастамасына Қазақстан азаматтық альянсының үкіметтік емес ұйымдар одағы қолдау білдірді. Қазақстан Президентінің тікелей қолдауымен «Бірлігіміз жарасқан!» атты ауқымды іс-шара өткізу туралы шешімді қабылдаған да солар еді.
Мысалға, Алматы қаласында осы жоба аясында 2011 жылы өтетін Азиадаға қолдау білдіру үшін бірнеше іс-шаралар ұйымдастырылды. Акциялар арасында қала әкімі Ахметжан Есімовтың қатысуымен өткен веложарыс, тауда жүретін велосипедтер арасындағы жарыс, стритбол, жағажайдағы волейбол мен жүгіру бойынша өткізілген жарыстар бар.
Астанадағы «Өзен патрулі» акциясына «Жасыл ел» жасақтары мен еріктілері қатысып, қаладағы жағажайларда суға батқандарды құтқару бойынша нұсқаудан өтті. Одан кейін олар орташа білім беру мекемелеріне, мектептерге, гимназиялар мен лицейлерге барып, оқушыларға шағын дәрістер оқыды. «Маңғыстау құтқарушылары» атты осындай акция Ақтауда да ұйымдастырылған.
Ал Атырауда алғаш рет құлақтары нашар еститін жандарға вибрациялық қоңырауы бар ұялы телефондар табыс етілген «Шексіз қарым-қатынас» акциясы өтті. Кейін Орал қаласында да бұл игі іс жалғасын тапты. Талдықорғанда ұялы телефондардан тыс, есту аппараттары қоса табыс етілді.
Қазақстанның Азаматтық Альянсының өкілдері өздерінің діттеген мақсаттарына жеттік деген ойда, олар әр бағыттағы үкіметтік емес ұйымдардың күш-жігерін ортақ міндетті шешуге біріктірді. Ал Елбасымыз Н.Назарбаев бұл науқанның жақсы әлеуеті бар екенін көрді.
Елбасының пікірінше, бұл кез келген өркениетті қоғамның маңызды құраушысы болып табылатын азаматтық тұрғыдан өзін өзі тануды қалыптастыруды жалғастыратын ұзын жолдың басы ғана.
Беталысымыз жақын арада Қазақстанда «бірлігіміз жарасқан!» науқынының екінші толқыны басталып, қазақстандықтар өз ынтасын таныта алады дегенді көрсетіп отыр. Қорыта айтқанда, біз бен келер ұрпағымыздың қандай елде өмір сүретіндігі әрқайсысымызға байланысты.