Ізгілік тұқым қуалайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Американдық ғалымдар адамның ізгілігі тұқым қуалайтынын анықтады, деп хабарлады Росбалт.

Ізгілік тұқым қуалайды

Мамандар біреуге қамқорлық жасау, қайғысына ортақтасу, тілектес болу, алаяқ бола алмауы және басқаны сатып жіберу ойының болмауы тектік деңгейде қалыптасады деген қорытындыға келді. Сондықтан да адамдар белгілі бір жағдайда өздерін әртүрлі ұстайды - біреулері өзін құтқаруға тырысады, ал енді біреулер өзін басқалар үшін құрбан етеді.

Дегенмен ата-аналарынан ұрпағына ізгілік пен кеңпейілділік гені емес, дәлірек айтсақ, осы сапалардың пайда болуына жауап беретін окситоцин және вазопрессин гормондары деңгейі беріледі.

Атап өтерлігі, экспериментке қатысқан еріктілердегі мұндай тектік комбинациялар болмаған адамдар басқаларды өшпенді немесе қауіпті деп санайды, деп хабарлады МyJane .