19:40, 16 Тамыз 2010 | GMT +5
ІЖӨ жөнінде Жапонияны басып озған Қытай әлемде екінші орынға шықты
АСТАНА. Тамыздың 16-сы. ҚазАқпарат - Өткен тоқсанның қорытындысы бойынша экономика көлемі бойынша Жапонияны басып озып, АҚШ-тан кейінгі екінші орынды иеленді. Үкіметтік есеп мәліметтеріне қарағанда, Жапония экономикасының номиналдық көлемі маусымдық тербелістер мен басқа да факторларды есепке алмағанда ІІ тоқсанның қорытындысы бойынша 1,286 триллион долларды құрады. Ал Қытайдың ІЖӨ көлемі осы кезеңде 1,335 триллион долларға жетті, деп хабарлайды РБК.

Талдаушылардың айтуынша, мұндай жағдай бұдан бұрын да тіркелген, бірақ осы жолы Қытай өз позициясынан айырыла қоймайды. Ал сарапшылар болса ағымдағы жылдың соңына қарай Қытай экономикасы көлемі жағынан Жапонияны басып озады деген болжам айтқан болатын. Олардың пікіріне қарағанда, Қытай ІЖӨ жылына орташа есеппен алғанда 10%-ға өсіп отырса, Жапонияның ІЖӨ биылғы жылы бар болғаны 2-3%-ға ғана өсуі тиіс.