ИЖТ жанындағы Экспорттаушылар кеңесі Қытай бағытындағы қазақстандық экспорттық кеңейту мәселелерін талқылайды
АСТАНА. 26 қаңтар. ҚазАқпарат - 27 қаңтарда Астанада Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі жанындағы Экспорттаушылар кеңесінің кезекті отырысы өтеді.
Премьер-Министрдің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешевтің төрағалығымен өтетін бұл кеңеске мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың, бизнес-бірлестіктер мен экспорттаушы кәсіпорындардың өкілдері қатысады.
Экспорттаушылар кеңесінің мәжілісі Қытай бағытындағы қазақстандық экспорттық кеңейту мәселелеріне арналғалы отыр.