ИЖТМ мемлекеттік қызметтерді электрондық формат арқылы көрсетуді бастады

АСТАНА. 15 шілде. ҚазАқпарат - ИЖТМ Өнеркәсіп комитеті www.elicense.kz порталы және халыққа қызмет көрсету орталықтары бойынша (ХҚКО) мемлекеттік қызметтерді электрондық формат арқылы көрсетуді бастады.

ИЖТМ мемлекеттік қызметтерді электрондық формат арқылы көрсетуді бастады

Бұл туралы аталмыш министрліктің ақпарат басқармасынан хабарлады.

Рұқсат құжаттары келесі:

- Қазақстан Республикасының Кепілдік міндеттемесі (түпкі пайдаланушы сертификаты);

- экспорттық бақылауға жататын өнімге тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, қызметтерді, ақпаратты жатқызу туралы қорытынды беру ;

- өнімді Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру;

Қазіргі уақытта Өнеркәсіп комитеті өтініштерді қағаз және электронды түрде қабылдайды.

Азаматтар электронды түрде www.elicense.kz порталының «Рұқсаттар» бөліміне өтініштерін жіберуіне болады.

Мемлекеттік қызмет формасы:

- Қазақстан Республикасының кепілдік міндеттемесі (түпкі пайдаланушы сертификаты) және өнімді Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру - белгіленген үлгідегі бланк;

- экспорттық бақылауға жататын өнімге тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, қызметтерді, ақпаратты жатқызу туралы қорытынды беру - электронды түрде құпия кодымен.

Барлық қажетті нормативті құқықтық актілерінің базасы Өнеркәсіп комитетінің www.comprom.kz сайтының «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде орналастырылған.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын және қолжетімділігін қамтамасыз ету бұдан әрі жалғастырылатын болады.