ИЖТМ-нің геология және жер қойнауын пайдалануды басқару жүйесіне өзгертулер енгізіледі - Ә.Исекешев

АНА. 27 маусым. ҚазАқпарат - Геология және жер қойнауын пайдалануды басқару жүйесіне өзгертулер енгізілмек.

ИЖТМ-нің геология және   жер  қойнауын пайдалануды  басқару  жүйесіне  өзгертулер    енгізіледі - Ә.Исекешев

Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде болған кеңесте Премьер-Министрдің орынбасары, Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев осындай мәлімдеме жасады. Әсет Исекешевтің айтуынша, ведомствода осыған орай бірқатар тағайындаулар жасалып та қойылды.

Соңғы ротациялардың қатарында - Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы міндетін атқарушы етіп Бекзада Тұрғанбаевтың тағайындалуы, «ҚазГеоИнформ» геологиялық мәліметтер орталығының жаңа басшысы болып Сәуле Оразаеваның тағайындалуы бар.

Вице-премьердің айтуынша, бұл бағыттағы жұмыстар Елбасының аталмыш саладағы әкімшілік жұмыстарды кешенді жақсарту туралы тапсырмаларын орындау мақсатында жүргізіліп жатыр.