Измирдегі жарылыстан алты адам жарақаттанды

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ - Измирдегі жарылыс салдарынан алты адам жарақат алды. Бұл жайлы Haber Turk телеарнасы хабарлайды.
None
None

Инцидент Буджа уезінде таңғы 07:40-та болған. Қоқыс жәшігіне салынған жарылғыш зат түрме автобусы таяп келген сәтте қопарылған.

Оқиға орнында қауіпсіздік күштері мен медицина қызметкерлері жұмыс істеуде. Полиция жарылыс аймағын қоршауға алған, жылдам-тергеу амалдары басталған.

Соңғы жаңалықтар