Израиль армиясы Тегеранға ауқымды соққылар жасағанын хабарлады

АСТАНА. KAZINFORM — Израиль Қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) Тегеран қаласының дәл орталығындағы Иран режимінің инфрақұрылымына бағытталған ауқымды соққылар сериясын аяқтағанын мәлімдеді, деп жазады ТАСС.

Израиль нанес удары по объектам «Хезболлы» на юге Ливана
Фото: x.com/ @idfonline

Бұл туралы олардың ресми баспасөз қызметі хабарлады.

— Біраз уақыт бұрын Израиль Қорғаныс армиясы Тегеранның орталығында орналасқан Иран режимінің инфрақұрылымына қарсы ауқымды соққылар сериясын аяқтады, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның энергетикалық инфрақұрылымына қарсы ықтимал соққыларды 2026 жылғы 6 сәуірге дейін кейінге қалдырғаны хабарланды. Ол бұл шешімді қақтығысты тоқтату жөніндегі келіссөздердегі ілгерілеумен байланыстырды.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға жасалып жатқан шабуылдарды тоқтату үшін 15 тармақтан тұратын жоспар ұсынып, сондай-ақ келіссөздер жүргізу мақсатында атысты бір айға уақытша тоқтату бастамасын көтерді.