Израиль армиясы Иранға соққы беруге дайындалуда
ТЕЛЬ-АВИВ. Наурыздың 17-сі. ҚазАқпарат - Израиль бас штабының басшысы Габи Ашкеназидің пікірінше, ел үкіметі Иран ядролық проблемасын дипломатиялық жолмен шешуге талпынып жатқан кезде, армия әскери операцияға дайындала беруі керек.
Вашингтонға жасаған сапары барысында Ашкенази Иран проблемасын талқылау үшін АҚШ-тың Парсы шығанағындағы өкілі Деннис Росспен, сондай-ақ мемлекеттік хатшы Хиллари Клинтонмен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат MIGnews.com басылымына сілтеме жасап.Израиль бас штабының басшысы Тель-Авивтің ядролық Ираннан жеңілмейтінін америкалықтарға мәлім етті. Иран проблемасы бойынша дипломатиялық бағыт әрине басымдықты болуы тиіс, бірақ ирандық нысандарға әскери соққы беруге дайындалуды бастайтын уақыт келді, дейді Израиль бас штабының басшысы Габи Ашкенази.