08:13, 02 Ақпан 2009 | GMT +5
Израиль авиациясы Газа секторына тағы да шабуыл жасады
ТЕЛЬ-АВИВ. Ақпанның 2-сі. ҚазАқпарат – Израиль авиациясы Газа секторына тағы да шабуыл жасап, бірнеше нысанды жермен-жексен етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат «Азаттық» радиосына сілтеме жасап. Зымыран соққылары ХАМАС қозғалысының күш-қуат құрылымдары бірінің штабтық кешеніне және Газа секторы мен Мысырдың шекарасының астынан өтетін контрабандашылардың жерасты жолына жасалған. Шабуыл салдарынан ешкім зардап шекпеген, себебі израильдықтар әуе шабуылы туралы палестиналықтарды алдын-ала хабардар еткен. Израиль премьер-министрі Эхуд Ольмерт жақында жасаған мәлімдемесінде, Газа секторы тарапынан жанданып отырған шабуылдарға оның елі де «қарап қалмай, жауап беретінін» мәлім еткен болатын. Жексенбі күні ХАМАС жасақтары Израильдің оңтүстігіне он зымыран мен миномет оқтұмсықтарын ұшырған. Нақтыланған мәліметтер бойынша, ол шабуылдардың салдарынан үш израиль азаматы жарақат алған.