Израиль азаматшасы Қазақстаннан жалпы салмағы 1,5 келі алтын бұйымдарды алып өтпек болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық шекарашылар Алматы халықаралық әуежайында алтын зергерлік бұйымдарды алып өту жолын кесті.

«Алматы» халықаралық әуежайының шекара наряды КС 908 «Дели - Алматы» бағытымен ұшып келген 48 жастағы Израиль азаматшасын ұстауға мәжбүр болды.

«Оны шекаралық бақылаудан өткізу кезінде белінен салмағы 1,5 келі болатын екі белбеу табылды. Белбеуден 57 түйіншекке бөлініп салынған алтын-күміс сырға-жүзік, білезіктер шыға келді», - деп хабарлады ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі.

Аталған дерек бойынша құқық қорғау органдары хабардар етілді.

null null  

Соңғы жаңалықтар