Израиль БАПОР қызметін шектейтін жаңа заң қабылдады
АСТАНА. KAZINFORM – Израильде Біріккен ұлттар ұйымының Таяу Шығыс елдеріне көмек көрсететін БАПОР жұмысына тыйым салатын қарар қабылданды, деп хабарлайды Еuronews.
Құжатқа сәйкес, БҰҰ-ның палестиналық босқындар жөніндегі агенттігіне немесе UNRWA-ға Израильде «кез келген жұмыс» жүргізуге немесе қандай да бір қызмет көрсетуге тыйым салынады. Израиль билігіне БАПОР-мен кез келген байланыс орнатуға тыйым салынады.
Израильдің мәлімдеуінше, БАПОР-дың жүздеген қызметкерінің ХАМАС содырларымен байланысы бар және ХАМАС әскери техникасы агенттік нысандарының маңынан немесе астынан табылған, ал ұйымның қамқорлығындағы оқу орындары Израильге өшпенділік тудырып, террорды дәріптейді.
Израильдің шешімі гуманитарлық көмек көрсету процесінің күйреуіне әкеледі», - деп түсіндірді БАПОР.
Еуропалық дипломатияның басшысы Жозеп Боррелльдің мәлімдеуінше, бұл заң «де-факто БАПОР-дың Газадағы өмірлік маңызды операцияларын мүмкін емес етеді және Батыс жағалауда қызмет көрсетуге айтарлықтай кедергі келтіреді.
Бұған дейін Орталық барлау басқармасының директоры Газада 28 күндік бітімге келуді және кепілге алынғандарды айырбастауды ұсынған болатын.