Израиль Батыс жағалауда лаңкестікке қарсы операция басталғанын жариялады
АСТАНА. KAZINFORM – Израиль қорғаныс күштері Иордан өзенінің батыс жағалауындағы Дженин қаласында лаңкестікке қарсы операция бастады. Бұл туралы Израиль қорғаныс күштері мен Израиль қауіпсіздік қызметі «Шин Беттің» бірлескен мәлімдемесінде айтылды.

Палестина ақпарат құралдарының хабарлауынша, әуе шабуылынан кейін Израиль әскері Дженинге басып кірген.
Израильдік ақпарат құралдары операция Джениндегі палестиналық топтар пайдаланған инфрақұрылымға бірнеше ұшқышсыз ұшақпен соққы беруден басталғанын мәлімдеді.
Шабуыл нәтижесінде сегіз адам қаза тапқаны және 35-тен астам адамның жараланғаны хабарланды.
Қазір қалада арнайы жасақ, «Шин Бет» және шекара полициясы сияқты ірі қауіпсіздік күштері әрекет етуде.
Әскерилердің айтуынша, операцияның мақсаты - «Батыс жағалаудағы ЦАХАЛ әрекетінің бостандығын сақтау, лаңкестік инфрақұрылымды бейтараптандыру және ықтимал қауіптерді жою».
«Темір қабырға» атты операция бірнеше күнге созылады деп күтілуде.
Премьер-министр Биньямин Нетаньяху Израиль армиясының Иордан өзенінің батыс жағалауындағы Дженин қаласындағы ірі операциясын «Яһудея мен Самариядағы қауіпсіздікті нығайту мақсатына жету жолындағы тағы бір қадам» деді.
Яһудея мен Самария — Израильдің оңшыл саясаткерлері мен кейбір бұқаралық ақпарат құралдары жиі қолданатын Батыс жағалаудың библиялық атауы.
Операцияның басталуына жауап ретінде Газа секторындағы палестиналық ХАМАС тобы Израиль күштеріне қарсы қол жинап жатқанын жариялады, деп хабарлайды AlJazeera.
The Times of Israel басылымының дерегінше, Палестина билігі және Дженинде әрекет ететін палестиналық топтармен бітімге келу келісімі айқын бұзылғаннан кейін Израиль лаңкестікке қарсы операция басталған.