Израиль Дамаск маңындағы зерттеу орталығына зымыраннан соққы берді
АСТАНА. 5 мамыр. ҚазАқпарат - Израиль Дамаск маңында орналасқан Джамараядағы әскери зерттеу орталығына зымыраннан соққы берді.
Бұл туралы САНА агенттігіне сілтеме жасап ИТАР-ТАСС хабарлады.
Бұдан бұрын Джамарая ауданында қатты жарылыс болғаны жайында хабарланған еді. Куәгерлердің айтуынша, бұл аумақ түнгі уақытта отқа оранған.
Бұл жағдай бойынша израильдіктер түсінік берген жоқ.