Израильде А/H1N1 тұмауынан ресейлік әйел көз жұмды

АСТАНА. Тамыздың 28-і. ҚазАқпарат - Ресейлік әйел Израильде А/H1N1 тұмауынан көз жұмды. Бұл ақпаратты РФ бас консулі Игорь Попов растады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік «Жаңалықтар» агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл Ресей азаматының А/H1N1 тұмауынан қайтыс болған алғашқы жағдай.

Марқұмның жасы 60-та болған, Дондағы Ростов қаласының тұрғыны - Хайф қаласының ауруханасында қатерлі ісіктен ем қабылдау курсынан өтіп жатқан. Ол сәрсенбі күні көз жұмды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тамыздың 27-сіндегі деректері бойынша А/H1N1 тұмауымен ауырғандардың саны әлемде 255,716 мыңға жетті, ал тұмаудан құрбан болғандар 2,627 мыңды құрады. Әлемнің 140 елінде тұмауды жұқтыру жағдайы зертханаларда қуатталды.

Соңғы жаңалықтар