Израильде алтын әшекейлер салынған олжа табылды
АСТАНА. 23 мамыр. ҚазАқпарат - Израиль археологтары алтын әшекейлердің бірегей коллекциясын тапты, деп хабарлады Лента.ру.
Бұл туралы Тель-Авив университетінің баспасөз баянында мәлімделген, оның қызметкерлері қазба жұмыстарына қатысқан болатын.
Қазына қазіргі Тель-Мегиддо қаласының маңынан қазба жұмыстары кезінде табылған. Әшекейлер коллекциясы қыш ыдыстың ішіне қатты затқа оралып, балшықпен толтырылған. Бұл ыдыс 2010 жылы табылғанмен, оны қазір ғана тазартып отыр.
Ғалымдардың айтуынша, әшекей заттардың жасалғанына шамамен 3100 жыл болған. Олардың ішінде сол кезеңдегі мысыр нақыштары көптеп кездеседі. Алтын сырғалар тау ешкілерінің бейнелерімен зерленген. Зерттеушілер бұрын-соңды мұндай олжаға кенелмегенін айтады, сапасы да өте жоғары.
Қазір ғалымдар әшекейлер оралған затты және алтынның құрамын зерттеуде. Бұл қазына ХІІ ғасырға дейін аймақта үстемдік құрған мысырлықтардан қалған мұра болуы мүмкін деген болжам айтылуда.