Израильде бір доңғалағы жоқ ұшақ шұғыл түрде жерге қонды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Израильдің Бен-Гурион әуежайына бір доңғалағы жоқ ұшақ жедел түрде қонды. Бұл туралы The Jerusalem Post хабарлайды.
Ұшақ әуежайдан Прагаға беталған болатын. Алайда диспетчер ұшқыштарды жерге қонуға міндеттеген. Ұшу-қону жолағында бір доңғалақтың жатқанын көрген қызметкерлер осындай әрекетке баруға мәжбүр болыпты. 181 жолаушысы бар әуе кемесін жедел жәрдем мен өрт сөндіру қызметінің бірнеше көлігі күтіп алған, деп жазады 24.kz .
Sky News мәліметіне сүйенсек, қону сәтті жүзеге асқан. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.