Израильде еврей экстремистері тұтқынға алынды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Израиль полициясы еврей экстремистік ұйымының 4 мүшесін тұтқынға алды, деп хабарлады ВВС.
Сондай-ақ, 4 адам тергеу сұрақтарына жауап берді.
Олардың барлығы арабтар мен еврейлердің өмір сүруін қаламайтын «Лехава» ұйымының мүшелері. Сейсенбі күні полиция «Лехаваның» тағы 10 мүшесін тұтқынға алған.
Олардың үшеуіне арабтар мен еврей балалары оқитын Иерусалимдегі мектепті өртеді деген айып тағылып отыр.