Израильде Эйлат курорты бағытына қарай ұшып бара жатқан зымыран атып түсірілді
АСТАНА. 13 тамыз. ҚазАқпарат - Израильде «Темір күмбез» қорғау жүйесі жауынгерлері Эйлат бағытына қарай ұшырған зымыранды атып түсірді.
Курортты қалада соның арқасында құрбан болғандар мен қираған ештеңе болған жоқ, деп хабарлайды РБК.
Бұдан бұрын ұшқышсыз басқарылатын ұшақ Синай түбегінде бес жауынгерден құрылған топты жойғаны кейін мәлім болды. Египет барлаушыларының мәліметінше, олар Израиль бағытына қарай зымыран жіберуді жоспарлаған.
Эйлат ауданында бірнеше күн бойы ахуал шиеленісіп тұр. Өткен аптаның соңында Израиль қорғаныс армиясы қолбасшылығының бұйрығымен жергілікті әуежай жабылғандығы жөнінде белгілі болды.
Бұл Синайдағы содырлардың белсенділігі күшейе түскендігінің салдарынан болды.
ЦАХАЛ-да (Израиль қорғаныс әскері) өз шешімдері жөнінде түсініктеме берілген жоқ. Бірнеше сағаттардан соң әуе айлағы жұмысын бастап кетті.