Израильде ғимарат ішінде де маска тағу талабы алынды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Израильде ғимарат ішінде қорғаныс маскаларын кию талабы жойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының Telegram каналына сілтеме жасап.

Израильде ғимарат ішінде де маска тағу талабы алынды

Шешімді Премьер-Министрдің Кеңсесі жариялады. Ережені жою ауру жұқтыру қаупі жоғары жерлерге қолданылмайды. Оларға ауруханалар, қарттар үйлері, перзентханалар, әуе қатынастары жатады.

Соңғы тәулікте Ресейде COVID-19 инфекциясы бар 1 352 адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды коронавирустың таралуына қарсы жедел штаб.

Емдеуге жатқызу санының төмендеуі елдің 75 өңірінде тіркелді. Жағдай алты субъектіде өзгеріссіз қалды.