Израильде кезектен тыс парламенттік сайлау өтіп жатыр

АСТАНА. 22 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін Израильде кезектен тыс парламенттік сайлау басталды. Кнессеттің 19 шақырылымының 120 мандатына 32 партия таласуда,

Израильде кезектен тыс парламенттік сайлау өтіп жатыр

деп хабарлады Ассошиэйтед Пресс.

5,5 млн-нан астам сайлаушы елдің барлық аймағында ашылған 9 мың сайлау учаскесінде өзі қалаған партияға дауыс бере алады. Әлеуметтік сауалнама қорытындыларына қарағанда, қазіргі елдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың партиясы мен Авигдор Либерман басшылық жасайтын «Израиль - біздің үйіміз» партиясының бірігуінен туындаған «Ликуд-Бейтейну» блогының мол дауыс алуға мүмкіншіліктері жеткілікті.

Дауыс беру нәтижесі сайлау учаскелері жабылғаннан кейін бірнеше сағаттан соң жария етіледі.