Израильде содырлар 2 жолаушы автобусын атқылады
АСТАНА. 18 тамыз. ҚазАқпарат - Израильдің Мысырмен шекарасында содырлар екі жолаушылар автобусын атқылады. Шабуыл салдарынан алты адам қаза тауып, он адам жарақат алды, деп жазады «Коммерсантъ».
Араб телеарналарының ақпаратына қарағанда, автобустардың біріне гранатометтен оқ атылған. Оқ Мысыр аумағынан шыққан көрінеді. Одан бөлек, үш содыр шекарадан өтудің амалын тауыпты. Ол жерде содырларды торуылдау орнына жеткізген автокөлік күтіп тұрады.
Израиль радиосы хабарлағандай, Израиль қауіпсіздік күштері автобусқа шабуылдады деген күдіктілермен, содырлармен қақтығысты. Израиль билігі қазірдің өзінде оқиғаны «лаңкестік әрекет» деп бағалап отыр.