Израильде тәуелсіздік күні тағы да теракт болды
ЭЛЬАД. ҚазАқпарат – Euronews - Изарильдің Эльад қаласында теракт болып, кем дегенде үш адам қаза тапты және төртеуі жарақат алды. Екі адам аса ауыр халде жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews агенттігіне сілтеме жасап.
Қаза тапқандардың барлығы - 40 жастан асқан ер адамдар. Зардап шеккендер арасында 23 жастағы жігіт бар. Ол лаңкестерді тоқтатпақшы болған.
Екі қаскүнем оқиға орнынан қашып кеткен, олар адамдарға пышақпен және балтамен шабуыл жасаған.
Теракт Изарильдің Тәуелсіздік күні болды. Елде наурыз бен сәуірдегі террористік шабуыл салдарынан 16 адам мерт болды.