Израильде ұшақ апатқа ұшырады
АСТАНА. 14 сәуір. ҚазАқпарат - Бейсенбі күні Израильдің солтүстігінде болған ұшақ апатында үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Утро.ру агенттігі жергілікті полиция өкіліне сілтеме жасай отырып.
Жеңіл моторлы ұшақ Хайфа қаласының маңында орналасқан әскери базаның ұшып-қону жолағында апатқа тап болған.
Әуе кемесінің ішінде отырған адамдардың барлығы көз жұмған. Апаттың себеп-салдары анықталып жатыр.