Израильде ұсталған Айдар Қасымовтың көлігінен 2 тапанша табылған
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарақшылық жасады деген күдікпен Израильде 35 жастағы қазақстандық қамауға алынды, деп хабарлады IzRus порталы.
Жергілікті полиция баспасөз қызметкері Михаил Зингерман хабарлағандай, Қазақстан азаматы Айдар Қасымовты Ход ха-Шарон округі тергеушілері тұтқындады. Оның көлігін тексерген полицейлер 2 тапанша, бетперде, пышақ, ұрланған асыл заттар мен көп мөлшердегі ақшаны тапқан.
Полиция таратқан ақпаратқа сүйенсек, ол егде адамның отбасы мен жас қызды тонаған. Дерек бойынша, ол Ход ха-Шарон қаласында таңертең қыздың үйіне баса көктеп кіріп, оны байлап, қылқындырып сейфін тонап кеткен. Екіншісінде, 23 шілде күні Тель-Авивте қарияның үйіне түскен. Қазақстан азаматынан табылған заттарды жапа шеккендер таныған.