Израильде VI ғасырға жататын жүзім сығатын үлкен құрылғы табылды

АСТАНА. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат - Израиль археологтары Иерусалимның оңтүстігінен 40 шақырым жерде жүзім сығатын үлкен құрылғыны тапты,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат Associated Press сайтына сілтеме жасап. Олжа әулиелердің табаны тиген бұл жер Византия империясының иелігінде болған б.д.д. VI-VII ғасырларға жатады.

Сығымдау құрылғысының мөлшері - 16,5х6,5 метр. Ғалымдар оның көмегімен жергілікті тұрғындардың тұтынатынынан әлдеқайда мол шарап жасалған деп топшылайды. Бұл шараптардың сатуға шығару мақсатында жасалғанын білдіреді. Тарихшылар Палестинада жасалған шараптардың негізгі сатылатын базары, бұл кезеңде, Мысыр болған дейді. Перғауындар елінің, өз кезегінде, Шығыс Жерорта теңізі жағалауындағы қалаларды астықпен қамтамасыз еткені белгілі.

Археологтар сығымдау құрылғысының өзгеше пішініне көңіл бөледі: ол сегіз қырлы, әдетте мұндай құрылғыларға арналған нысандар дөңгелек болып болып келеді. Зерттеушілер сығымдау құрылғысының сегіз қырлы нысанда болуын эстетикалық сипаттан басқа өзге жорамалдармен байланыстырмайды.

Соңғы жаңалықтар