Израильде жағдайдың ушығуына орай «Астана» мен «Хапоель» арасындағы матч Қазақстанда өтетін болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Израильде орын алған саяси жағдайларға орай, Еуропа Лигасы аясындағы «Астана» мен «Хапоэль» арасындағы алғашқы ойын Тель-Авивте емес, Қазақстанда өтетін болды. Бұл туралы астаналық клубтың баспасөз қызметі хабар таратты.
Бұған дейінгі жоспар бойынша «Астана» Еуропа Лигасының екінші раундындағы алғашқы ойынын 17 шілде күні Тель-Авивтың «Хапоэль» командасына қарсы өткізетін болған.
«Алайда Израильде қалыптасқан саяси жағдайларға орай, УЕФА осы жұптың арасындағы ойынды Тель-Авивте емес Қазақстанда өткізу туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар, қарымта матчтың өткізілетін орны әзірге белгісіз», - делінген баспасөз баянында.