Израильдегі әлемдегі ең биік күн электр стансасы құрылысына 800 млн доллар жұмсалмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Израильде мұнара іспеттес алып күн электр стансасы салынып жатыр. Биіктігі 240 метрлік нысанның жан-жағына 50 мың айна орнатылмақ.
None
None

Осылайша, күн сәулесі мұнараның ең биік шыңында орналасқан бу қазанына бағытталады. Су буға айналып, электр энергиясын өндіретін турбиналы генератордың жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Жобаның қуаты - 121 мегаватт. Әлемдегі ең биік күн электр стансасының құрылысына 800 млн АҚШ доллары жұмсалады, деп хабарлайды 24.kz.

«Бұл күн электр стансасын миллион шаршы метрге ұласқан айналар қоршайды. Биіктігі бойынша әлемде көш бастайтын нысанның қуаттылығы да айтарлықтай жоғары болмақ. Бастысы, құрылыс барысында заманауи технологияларды қолданып отырмыз»,-дейді Megalim Solsr Power компаниясының басшысы Эран Гартнер.

Соңғы жаңалықтар