Израильдегі еврейлер саны АҚШ-тан асып түсті
АСТАНА. 5 сәуір. ҚазАқпарат - Осы уақытқа дейін еврейлер ең көп қоныстанған ел АҚШ болып келгені рас. Алайда қазіргі көрсеткіштер өзгеріп жатыр,
деп жазады «Алаш айнасы» басылымы.
Израильдегі еврейлер саны 6 миллионға жетті. Ал АҚШ-тағы еврейлер саны қазір шамамен 5 жарым миллионды құрайды. Оның 2 миллионы Нью-Йорк маңын қоныстанған. Иерусалимдегі Еврей университетінің мәліметіне сүйенсек, әлемде 13,5 млн еврей бар. Қазір біртіндеп Израильге шоғырлану құбылысы жүріп жатыр. Израильдің жалпы халық саны 8 миллионды құрайды. Мұндағы арабтардың саны 1,5 миллионның шамасы. Қалған тұрғындар - шығысеуропалық нәсілді азаматтар.